Келес ауданында ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Келес ауданы әкімі аппаратында аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен жиында маңызды үш мәселе қаралып, талқыланды.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ерлан Жаппаров баяндама жасады. Ол өз мәлімдемесінде кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстардың, сонымен қатар оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу туралы және көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы және шетел азаматтарын жұмысқа тарту кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиевтің атқарған жұмыстары талқыланып, бұрын сотты болғандарды, оның ішінде пробациялық бақылау есебінде тұратын азаматтарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша атқарылған шаралар туралы мәселе бойынша аудандық пробация қызметі басшысының баяндамасы тыңдалды.

Жиын барысында комиссия отырысында қаралған мәселелер талқыланып, аудан басшысы тарапынан қылмыстардың алдын алу және болдырмау бағытында жұмысты күшейту керектігі айтылды. Тапсырмалардың орындалуы бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ