Келес ауданында Республика күніне орай гала концерт өтті

Келес ауданының орталық стадионына 6 мыңнан аса тұрғын жиналды. Себебі мұнда Республика күніне және Келес ауданының қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай гала концерт ұйымдастырылды. Салтанатты шарада Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан тұрғындары мен қонақтарын қос мерекемен құттықтады.

– Барша келестіктерді және ауданымыздың қонақтары мен бүгінгі кешке қатысып отқан азаматтарды Республика және Келес ауданының 5 жылдығымен шын көңілден құттықтаймын. Жастардың сұранысы бойынша елімізге танымал өнер жұлдыздары бүгін ауданымызға келіп отыр. Баршаңызға мерекелік көңіл күй тілеймін, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, тұрғындардың көңілі сергіді. Өнер жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би биледі. Шара соңы мерекелік от шашумен аяқталды.

Мерекелік шараны ұйымдастыруға атсалысқан белсенді жастар мен қоғам белсенділеріне алғыс білдіреміз. Мереке құтты болсын!

ПІКІР ЖАЗУ