Келес ауданында «ашық есік» күні өтеді

Келес ауданының полицейлері және отбасылық әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының қызметкелерімен бірлесіп, гендерлік саясатты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында басқа да тиісті мекемелермен бірлесіп «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша 2023 жылдың қазан айының 13 күні «АШЫҚ ЕСІК» күнін ұйымдастырады. Онда сала мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына жеке қабылдау жүргізіп, тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсетіледі.

Мекен жайы: Келес ауданы, Абай ауылы, М.Артыков №н/з үй сағат 10-00-ден 18-00 аралығында. Байланыс телефондары: Келес АПБ 102 нөмірлеріне, Келес АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Есенкулова Эльмира Қанатқызы, тел.: 8-775-698-78-05 Келес аудандық отбасылық әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесінің психологы маманы Абдирова Динара Анарбаевна 8-778-183-21-11нөмірлеріне хабарласа аласыз.

ПІКІР ЖАЗУ