Келес аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жеке қабылдау ұйымдастырылды
22.10.2024 жылы Келес аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің Ювеналдық полиция тобының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы полиция майоры Есенкулова Эльмира Қанатқызы Келес АПБ-де жеке қабылдау ұйымдастырып, Келес ауданы аумағында, бүгінгі күнде отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматшалармен қабылдау жүргізіп, құқықтық, психологиялық көмектер көрсетіп, ары қарай тиісті деңгейде психологиялық көмек көрсетілуі үшін келген азаматтар мен азаматшаларды «Отбасын қолдау» орталықтарына жолдады. Сондай-ақ, қабылдауында болған азаматтар мен азаматшаларға жаңа заңның талаптарын түсіндіріп, ескерту жұмыстарын жүргізді.