Қазығұрт: “Үздік шебер-2023” жеңіс құтты болсын!

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, дарынды жас кәсіпкерлерлерді қолдау және беделін арттыру мақсатында, облыстық «Үздік шебер-2023» кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жобаның негізгі мақсаты: Еліміздегі түрлі кәсіпкерлік саласының дамуына еңбек сіңіріп жүрген жастарды қанаттандыру, дарындылығымен, қабілеттерімен көзге түскен жас буынды ынталандыру, ерен еңбегін облыстық деңгейде тиісті бағалау және жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өміріне белсенділігін арттыру болып табылады.

Жеңімпаздарды Келес ауданы әкімінің орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы марапаттады.

Қазығұрт ауданынан барған жасымыз

«Үздік бет әрлеуші» бағыты бойынша

1-орынды Бөлеген Рахат 400 000тг иеленді

Шын жүректен құттықтаймыз!

ПІКІР ЖАЗУ