Қазығұрт: міндетті медициналық сақтандыру тәртібі қалай жүзеге асырылады?
Бүгін Қазығұрт аудандық орталық Мәдениет үйінде «Міндетті медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру аясында облыстық ақпараттық түсіндіру тобы жеке кәсіпкерлердің жарна төлеу тәртібі, жеңілдік берілетін санаттар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кері байланыс арналары, скринингтік зерттеулерден өту кезеңі, МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру, отбасы картасының жұмысы, жүйеге қатысатындарға көрсетілетін қызметтер, емханаға тіркелу бойынша жиын өткізді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов, аудандық аурухананың бас дәрігері Бекзат Сланов, аудандық кірістер басқармасының басшысы, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының басшысы, ауыл округі әкімдері, ауданның білім беру ұйымдары, жеке кәсіпкерлер, МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған тұрғындар қатысты.
Жиын барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Қыдырбаев Нұрлан Икрамұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс, пікірлер тыңдалды.