Қазығұрт: мемлекеттік қызметкерлер м көпбалалы аналарды салтанатты түрде марапаттады
16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан – қасиетті де қастерлі күн.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауылының әкімі Қ. Садықов ауданымыздың экономикасының дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметкерлер мен Қазығұрт ауылындағы көпбалалы аналарды салтанатты түрде «Алтын» және «Күміс» алқалармен марапаттады.
Марапатталғандар қатарынада ауыл шаруашылық саласына өзіндік үлесін қосып, ветеринария саласындағы көп жылғы жемісті еңбектері үшін, білікті вет дәрігіер М.Куатбековке ерекше құрмет көрсетілді. М.Қуатбеков 43 жылдан бері ветеринария саласында нәтижелі еңбек етіп келеді.
Ауыл әкімі Қ.Садықов өз сөзінде: “Сіздерді мемлекетіміздің ең ұлық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздікті алған сәттен бастап, мемлекет басшысының сарабдал саясатының, көреген көшбасшылығының арқасында Қазақстан мемлекеті жаңа жетістіктер және табысты өзгертулермен тамаша жалғастырып, үлкен жетістіктерге жетті. Президентіміздің ел тұрмысын жақсартудағы тапсырмаларын орындау арқылы, біз алдағы уақытта ауылымыздың жоспарлары мен мақсат-міндеттеріне орай өзекті мәселелерді бірлесе шешіп, Қазақстанның гүлденуіне әрімен қарай үлес қосамыз деп сенеміз. Осы ретте, халықымыздың демографиялық өсуіне үлес қосып жүрген аналарымызға ерекше алғыс білдіремін, ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.”-деді.