Қазығұрт: мәслихат сессиясы өтті

7 қараша орталық Мәдениет сарайында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезекті жетінші сессиясы  шақырылды. Сессияға аудан әкімі Исмаилов Азизхан Азимханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

  1. Қазығұрт ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №35/154-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы 27/181-V «Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
  4. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 қарашадағы №17/75-VII «Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 27/181-V «Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі Азизхан Азимханұлы баяндама жасап, мәслихат депутаттары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Басқа да мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

ПІКІР ЖАЗУ