Қазығұрт: мақсат – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмау

Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия жұмысын төраға, аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов жүргізіп отырды. Атаулы жиынға құқық қорғау органдары қызметкерлері, ауыл әкімдері, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері мен мектеп директорлары қатысты. Күн тәртібінде өзекті болып отырған 6 мәселе талқыланды.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиясы отырысының басты мақсаты аудандағы жасөспірімдердің ұрлық жасамауын қадағалау, ересектер немесе өзге де жасөспірімдер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауына мұқият болу, адам ұрлығы мен саудасының жолын кесу, мектептегі әлімжеттілікті жою, оқудан себепсіз қалуды тоқтату секілді өзекті мәселелердің шешімін табу болды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар оқылып, қатысушылар және комиссия мүшелері тарапынан сұрақ-жауап жүргізіліп, бірнеше ұсыныстар айтылды.

ПІКІР ЖАЗУ