Қазығұрт: «Қыран елім – Қазақстаным» атты патриоттық кеш болып өтті

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.

Араға он жыл салып бұл мейрам мемлекеттік ретінде аталып өте бастады. Алайда 2009 жылы тиісті заңға өзгеріс енгізіліп, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарылды.

Ал, былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мейрамды қайтару қажеттігін мәлімдеді.

Көп ұзамай парламент заңды қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты.

Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапханада 25 қазан Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» атты кітап көрме ұйымдастырылып, патриоттық кеш болып өтті.

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар аралығында жеткен жетістіктерімен таныстырып, әлем таныған ел екенін дәлелдеу. Оқушылардың білімділік дағдыларын кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздеріy қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

ПІКІР ЖАЗУ