Қазығұрт ауыл округінде түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілуде

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, беймезгіл уақытта ата-ана бақылауынсыз үй-жайынан тыс жерлерде компьютерлік ойынханалар мен мейрамханада болуларына тыйым салу,

кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі бұйымдары мен спирттік ішімдік сататын кәсіпкерлік нысандарға тосқауыл қою мақсатында кезекті түнгі рейдік жұмыстар атқарылуда.

Жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылықтар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты қылмыстың алдын алуға және болдырмауға, олардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара аудан көлемінде бекітілген кестеге сәйкес жалғасатынын хабарлаймыз!

Құрметті ата-ана! Өз балаңыздың өміріне өзіңіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Сондықтан әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты айналысу қажет екендігін ескертеміз!

ПІКІР ЖАЗУ