Қазығұрт: ауданы аумағында жер қойынауын өз бетінше пайдалануды болдырмау мақсатында, жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар

2023 жылдың 14 қазан күні аудан әкімдігінің жанынан құрылған жұмысшы топ құрамының (кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі) ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция учаскелік инспекторларымен бірлесе аудан аумағында заңсыз жер қойнауын өз бетінше пайдалану деректерін анықтау және болдырмау үшін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларымен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» алгоритміне сәйкес Қызылқия, Қазығұрт, Сарапхана ауылы округтеріне рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Нәтижесінде барлық ауыр жүк тасымалдайтын көлік иелеріне (камаз, зил, хова және т.б.) заңсыз жер қойнауын (шағал, құм, топрақ) өз бетінше пайдалануды болдырмау үшін және заңсыз деректер анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 139 бабына сәйкес айыппұл салынатындығын және тиісті қылмыстық жауапкершілік іс-шаралар қабылданатынын жөнінде ескертілді.

Бүгінгі таңға, барлық ауыл округтерде құрылған мобильді топтарға заңсыздықпен күресу бойынша облыс әкімдігімен бекітілген алгоритм ұсынылып, тиісті жұмыстар күнделікті қадағалануда.

ПІКІР ЖАЗУ