Қазығұрт – адамзаттың алтын бесігі

Қазығұрт аудандық Жастар ресурстық орталығы коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің  10  жыл  толуына орай,  «Қазығұрт – адамзаттың алтын бесігі»  тақырыбында жастар арасында аудандық  КВЕСТ  ойыны өтті. Ойынның әр кезеңі қатысушыларға айтарлықтай қызыққа толы болды. Басты мақсат ойын арқылы оқушылардың бойына көшбасшылық, ұйымшылдық, еркін пікір алмасу сынды  адами қасиеттерді сіңіру, жастардың бос уақытын, тиімді пайдалану жастар арасында достық қарым қатынасты нығайту, ойлау қабілетін дамыту және жылдам шешім қабылдауға үйрету еді. Ойынға шалғай елді мекеннен жастар тартылып, жалпы саны 60 жас буын 8 командаға бөлініп, әр командада 4 жастан қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар спорттың бірнеше түрінен сайысқа түсті. Атап айтқанда, квест, арқан тарту, белтемір және психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Айта кетейік, КВЕСТ – ағылшын тілінен аударғанда (іздеу, табу деген мағынаны білдіреді). Ойын барасында бірнеше міндеттер шешіледі. Баланың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, бірлесе әрекет ету іс-қимылдарын, тілдерді үйренуге деген қызығушылығы, ұйымшылдыққа, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелейді. Сонымен қатар, ойын барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді, тапсырмаларды қолдануға болады. КВЕСТ ойынын ұйымдастыруда алдына белгіленген бір нақты мақсат қойылады, яғни, кейіпкерді құтқару, қазына табу, картамен жұмыс тағы басқа. Сондай-ақ, көмекшінің көмегіне жүгінуге болады.

ПІКІР ЖАЗУ