Қазығұр: грант алған кәсіпкер табысын арттыруда

Қазығұрт ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы кәсіпкерлік саласының дамуына тікелей ықпал етіп отыр.

Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылының тұрғыны, ІІІ топ мүгедегі Усербаева Нурзада Жынгылбаевна жеке кәсібін бастап, табыс тауып жүр. Ол 2023 жылдың басында «Бизнес бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған. Наурыз айында кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде мемлекеттік грантқа өтініш білдіреді.

«Балалар массажы және егу бөлмесі» бизнес-жоспарын комиссия отырысында қорғап, қайтарымсыз грантқа ие болған. Гранттан бөлінген қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, балалар массажы мен егу шараларына арналған “Зере” орталығын ашып, бүгінгі күні халыққа қызмет көрсетіп отыр.

ПІКІР ЖАЗУ