“Қазіргі қоғамдағы жастар, жұмысқа орналасу мәселелері: лайықты еңбек немесе эксплуатация”

Көптеген адамдар қазіргі әлемде құлдық пен қанаушылыққа орын жоқ деп санайды, бірақ өкінішке орай бұл тұжырым шындықтан алыс. Адамдардың жоғалуы және оларды эксплуатациялануы — ХХІ ғасырдың үлкен қасіреті.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында “Қазіргі қоғамдағы жастар, жұмысқа орналасу мәселелері: лайықты еңбек немесе эксплуатация” тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері, мектептер, университеттер, колледждердің өкілдері қатысты.
ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, “Феникс” Дамыту және бейімдеу орталығының ҮЕҰ директоры Ахметкалиевна Назигуль Маташевна осы тақырыпта баяндама жасады.
Күн тәртібінде “Адам саудасы және жастар”, “Адам саудасы туралы білу неге маңызды?». Қиын жағдайдағы мінез – құлық алгоритмдері, құрбандарды манипуляциялаудың ең кең таралған тәсілдері, адам саудагерлерінің іс-әрекеті, жастарды адам саудасының объектісіне тартудың әдістері айтылды.
Қатысушылар өз ұсыныстарын енгізіп, қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Көпшілік осы саланың құрбаны болу – саналы таңдау деп санағанымен, алайда бұл олай емес. Адам саудасының құрбаны кез келген адам бола алады.

Егер сіз адам саудасы фактісіне тап болсаңыз, 11616 сенім телефонына немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

ПІКІР ЖАЗУ