Қазаннан бастап кімдер медициналық маска тағып жүруге міндеттеледі?

Елдің бас санитар дәрігері жаңа қаулығы қол қойды. Құжат тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының таралмауына бағытталған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
15 қыркүйекте елімізде тұмауға қарсы вакцина салу басталады. Медициналық ұйымдарда дезинфекция режимі күшейтіледі. Сондай-ақ 1 қазаннан бастап медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне маска тағу режимі енгізіледі.
Тұмау, ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйде шақыруларға бірінші кезекте қызмет көрсетіледі.
Балабақшаларда таңертең балалардың жағдайы тексеріледі. Сол кезде тұмау, ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар балалар топтан оқшауланады.
Жалпы білім беру ұйымдарында бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылар арасында 20-дан 30%-на дейін ЖРВИ ауруы тіркелген кезде кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады және күнтізбелік 10 күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдануға тыйым салынады, – делінген қаулыда.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.