Қазақстанның қай өңірлерінде өрт қаупі жоғары?

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, еліміздің бірнеше аймағында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мамандардың айтуынша, синоптикалық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты шөптесін және орманды алқаптарда өрт шығу қаупі артып отыр. Бұл әсіресе ауа температурасының көтерілуімен, құрғақ желмен және жауын-шашынның аз түсуімен байланысты.
Жоғары өрт қаупі бар өңірлер қатарына:
- Маңғыстау облысының батысында,
• Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде,
• Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Павлодар облыстарының шығысында,
• Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде,
• Атырау облысының батысы мен солтүстік-шығысында,
• Алматы облысының батысы мен орталығында,
• Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында,
• Ұлытау облысының солтүстігінде.
Ал төмендегі өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады:
- Қызылорда облысы,
• Түркістан облысының солтүстігі мен шөлді аудандары,
• Жамбыл облысының батысы мен шығысы,
• Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы,
• Шығыс Қазақстан,
• Атырау облысының оңтүстігі,
• Алматы облысының солтүстігі,
• Ақмола облысының батысы,
• Павлодар облысының батысы мен оңтүстігі,
• Жетісу облысының оңтүстік-шығысы,
• Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігі,
• Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы және орталығы.