Қазақстанның әскери қызметшілер Ұлыбританиядағы «Кембрий патрулі» халықаралық жарысында үшінші орынға ие болды

28 қыркүйек пен 12 қазан аралығында Уэльсте (Ұлыбритания) өткен «Кембрий патрулі» беделді халықаралық жарыстарында десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілерінен тұратын Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы құрметті үшінші орынға ие болды. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: 28 қыркүйектен 9 қазанға дейін жалпы жағдайға енгізу, қауіпсіздік шаралары, қару-жарақтың материалдық бөлігін зерттеу, сондай-ақ топография, тактикалық және медициналық дайындық бойынша сабақтар өтті. Жарыстың белсенді кезеңі 10-12 қазан аралығында өтті. 

Биылғы жылы жарысқа 38 елден 100-ден астам команда қатысып, тек 12 үздік команда финалдық бөлімге шықты. Қазақстандық команда 1-ші орын алған Пәкістан мен 2-ші орын алған Ұлыбританиядан кейін екінші орын алды. 

8 жауынгерден тұратын Қазақстан командасы өзімен бірге 32 кг жүк алып, ұзындығы 60 км-ден асатын маршрутты еңсерді. 48 сағат ішінде әскери қызметшілер химиялық және биологиялық қауіп-қатер кезіндегі іс-қимылдарды, шабуылдау операцияларын және жету қиын жерлерде бағдарлауды қоса алғанда, күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Әр 8-10 км сайын қатысушылар жауынгерлік Дағдылар мен төзімділікті көрсетуді қажет ететін жаңа тапсырмаларға тап болды. 

Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері барлық сынақтарды ойдағыдай орындап, дайындық пен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті. Жарыстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша қазақстандық команда қола медальдарға лайықты ие болды. 

«Кембрий патрулі» — 60 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан ең беделді және күрделі әскери жарыстардың бірі – жоғары әскери шеберліктің символы. Мұндай жарыстарға қатысу қазақстандық әскери қызметшілердің даярлығы мен жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.

ПІКІР ЖАЗУ