Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазақстандықтар нанды аз тұтына бастаған

​Биылғы қаңтар–тамыз аралығында нан өндірісі 352,9 мың тонна болды. Бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,9% аз.

Мәліметке сүйенсек, нан өндірісінің төрттен бір бөлігінен астамы Түркістан облысына тиесілі: 89 мың тонна; Одан кейінгі орында Алматы (41,1 мың тонна) мен Ақтөбе облысы (34 мың тонна). Анықтама үшін айта кетсек, 2020 жылы 539 мың тонна нан өндірілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4,2% аз. Көпжылдық динамикада сектордағы жылдық шығарылым 2016 жылы шамалы өскен (1,1%), бірақ кейін қатарынан төрт жыл қысқарды. Бұған дейін 2014-2015 жылдары да секторда өндірістің құлдырауы байқалған. Биыл қаңтар–қыркүйек айларында нан бағасы 2020 жылдың қаңтар–қыркүйегімен салыстырғанда 6,1% өсті. Қара бидай наны 9,9%, жоғары сұрыпты бидай наны 7,8%, бірінші сұрыпты ұн наны 5,1% қымбаттады. Ал былтыр осыған ұқсас кезеңде нан бағасы, жылдық есепте, 11,6% өскен болатын. Айта кетейік, барлық өңірде нан қымбаттады. Әсіресе, Нұр-Сұлтан (12,2%), Солтүстік Қазақстан (9,6%) және Ақмола (9,5%) облыстарында қатты қымбаттаған. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша, жылдық өсім төмен болған өңірлер: Ақтөбе облысы (1,2%), Шымкент (2,6%) және Маңғыстау облысы (3%). Қазақстандықтардың рационында нан тұтынудың төмендеуі байқалады. Биылғы қаңтар-маусым айларында бірінші сұрыпты ұннан бидай нанын тұтыну мөлшрі, орта есеппен, жан басына шаққанда 16,5 кг, қара бидай және қара бидай наны 1,3 кг болды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5% және 10,3% аз.

Сәйкес жаңалықтар

Сараптамалық кеңестер «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 6 мыңнан астам өтінішті қарады

admin

Жамбылдық шенеуніктер 100 миллионның зауытын 7 миллионға сатып жіберген

admin

ШЫМКЕНТ: Пәтермен қамтылған 1679 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды

admin