Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Қоғам

Қазақстандағы өмір сүрудің қымбатшылығы Нью-Йорктан екі еседей жоғары

Қазақстан отбасылардың азық-түлік шығындары бойынша Еуропаның 40 елінің рейтингінде соңғы орынға сырғыды. Дамыған Еуропа елдерінде адамдар табысының 8-12 пайызын азық-түлікке жұмсаса, қазақстандықтар жалақысының жартысына жуығын сол мақсатқа жұмсайды, деп хабарлайды  qamshy.kz

Қазақстандағы халықтың азық-түлік шығындары соңғы бес жылда өсіп келеді. Биылғы жылдың екінші тоқсанында бұл көрсеткіш 51,4 пайызға жеткен. 2020 жылдың соңында «Рейтинг» агенттігінің сарапшылары еуропалық елдердің азық-түлік шығындары бойынша рейтингін жасады. Бұл көрсеткіш табыс деңгейін және азық-түлік тауарларының бағасын есепке алған. Рейтинг бойынша азық-түлікке  азырақ, ал ойын-сауыққа, сыртта тамақтануға және т.б. көп ақша жұмсайтын елдер арасында Люксембург, Нидерланды, Ұлыбритания, Ирландия және Германия бар. Ел азаматтары азық-түлік дүкендеріне ай сайынғы табысының 49%-ға жуығын беруге дағдыланған Қазақстан рейтингтің төменгі сатысына орналасты. Олардың ойын-сауыққа жұмсайтын шығындары өте аз (1,7%), сонымен қатар сыртта тамақтану (2,9%) болған. «Numbeo» компаниясының өмір сүру құнын көрсететін тағы бір халықаралық рейтингі де Қазақстанды 139 елдің ішінде 71-орынға қойған. «Numbeo» дүние жүзінің түкпір-түкпірінен өмір сүру құны мен өмір сапасы туралы деректерді жинайды және индекстерін дайындау кезінде әртүрлі қалаларды бір-бірімен салыстыру үшін Нью-Йорк қаласын өлшеу құралы ретінде пайдаланады. Егер ішкі сатып алу қабілеті 40 болса (Қазақстанда бұл бар болғаны 32), бұл орташа жалақылы қала тұрғындары Нью-Йорк тұрғындарына қарағанда орташа есеппен 60%-ға аз тауарлар мен қызметтерді сатып ала алады дегенді білдіреді. Швейцария, Австралия және Люксембург сияқты елдерде адамдардың сатып алу қабілеті Нью-Йорктегідей. 2016-2020 жылдар аралығында Қазақстанда азық-түлік шығындары жыл сайын 2-2,5%-ға өсті. 2020 жылдың соңында орташа қазақстандық отбасы табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсаса, бес жыл бұрын 43 пайызын жұмсаған. Азық-түлік бағасының ең жоғары деңгейі (60%-дан астам) үш облыста: Түркістан, Жамбыл және Алматы облысында. Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы қалаларында халық табысының 54-59 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Азық-түлік тауарлары индексінің ең төменгі деңгейі Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында (38,6%). Азық-түлікке ақшасының жартысына жуығын жұмсауға мәжбүр болған қазақстандықтар басқа шығындар түрлерін қысқартуға бейім. Мысалы, киім-кешек, аяқ киім, жиһаз, тұрмыстық техника және т.б. сатып алуға жұмсалған қаражаттың үлесі 2016 жылғы 24%-дан қазір 22%-ға дейін төмендеді. 2021 жылы қазақстандықтар ақылы қызметтерге 2016 жылмен салыстырғанда 15,7%-ға аз ақша жұмсады. Сонымен қатар, соңғы бес жылда қазақстандықтардың несиелік қарызы 3,4%-дан 5%-ға дейін өсті.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісуға қатты қалдықтарды өндейтін зауыт қажет

admin

Астанада жастарға арналған жеңілдетілген баспана бағдарламасы тоқтайтын болды

admin

Екінші топ мүгедегі әрі балалар үйінің түлегі досы үшін пәтерінен айырылып қалған

admin