Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда жүргізуші куәлігі өзгеруі мүмкін

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәліктерінен электрондық чипті алып тастау туралы бұйрық жобасын жария талқылауға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бюджет шығынын үнемдеу мақсатында жүргізуші куәліктеріне чип қойылмауы мүмкін. Құжатта көрсетілгендей, чип-модульдердің қажеттілігі жоғалған. Өйткені олардың барлық функцияларын мемлекеттік дерекқорлар мен ақпараттық жүйелер орындайды.

Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінен электрондық чипті алып тастау қаржылық тұрғыдан тиімді болып табылады. Чип модульдерін енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды талап етеді. Ал олардың функциялары қазіргі уақытта мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелер арқылы толық көлемде қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты чипті алып тастау бюджет қаражатын үнемдеуге және құжаттарды дайындау процесін оңтайландыруға бағытталған, — деп жазылған құжатта.

Осы мәселеге қатысты қоғамдық талқылау «Ашық НҚА» порталында 22 қыркүйекке дейін жалғасады.

Сәйкес жаңалықтар

«Айдың нұры» қоры түркістандық қос студентке шәкіртақы тағайындады

admin

Қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа алданып қалды

admin

Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылады

admin