“Қазақстанда қысым сезіледі”: Құралай Анарбекова неге тұрмысқа шықпай жүргенін айтты
Отандық танымал актриса Құралай Анарбекова көпшілік көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, жан сырын ақтарды. Өнер иесі тұрмысқа шықпаған қыздарға қоғамда қысым көрсетілетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Құралай Анарбекова барған жерінде бәрінен “Қашан тұрмысқа шығасың?” деген сауалды еститінін жасырмады. Өнер иесі бұл жағдай өзіне ауыр тиетінін айтты. Сөзінше, шетелде бұл жайтқа мүлдем басқаша көзқараспен қарайды. “Шыны керек Қазақстанда өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Мен шетелде көп болдым. Олардан қашан тұрмыс құратынын сұрасаң, 35 жасқа қарай ойланатындарын айтады. Мүлдем асығыстық жоқ. Олар алдымен жұмыс істеп, ақша тауып, бір кәсіп ашып барып бір-ақ ойланады екен. Ал біздің елімізде “ештеңені ойлама, күйеуге шығып ал, туып ал” деп асықтырып жатады. Мен оны кім үшін жасау керекпіз деп ойланып қаламын. Ол баланы асырау керек. Оны сүймейтін адаммен бірге өсіресің ба? Онда өзің бақытсыз боласың. Маған көп ойлар келеді. Күйеуге шықпаған қыздар құдды қоғамның мүгедектері секілді. Олай болмайды. Бұл сөздер қыздың жанына батады. Қазақстанда бір жерге шықсаң да, қысым сезіледі”, – деді Құралай Анарбекова Дина Төлепбергенге берген сұқбатында.