Қазақстанда көмір қоры қанша жылға жетеді?

Көмірді жаға бермей, қайта өңдеу керек. Бұл туралы Сенат депутаты Алтынбек Нухұлы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан – энергетикалық ресурстарға бай мемлекет. Мұнайдан бөлек, еліміздің көмір қоры әлемде 9 орын алады. Ғылыми болжам бойынша 3 ғасырға жететін 260 млрд тонна көмірдің қоры бар. Соның ішінде зерттелгені 32 млрд тонна. Бұл қордың басым бөлігі Павлодар мен Қарағанды аймағында орналасқан. Елімізде 2024 жылы 108 млн тоннадан астам көмір өндірілді. Көптеген дамыған елдер көмірден және көмір қалдықтарынан химиялық қайта өңдеу арқылы 80-нен астам бағалы заттар мен өнімдер алуға бет бұрған, – дейді депутат Сенаттың жалпы отырысында.
Депутаттың сөзінше, Қытайда көмірді сұйылту мен газдандыру технологиясы сәтті енгізілген. Көмір химиясы өз кезегінде экономиканың маңызды бөлігіне айналған.
Қытайда жылына 2,7 млрд тонна көмір өндіріледі. Оның 200 млн тоннасынан табиғи газдан бастап, органикалық тыңайтқыш, еріткіштер, косметикалық дәрі-дәрмектер, көміртекті наноталшықтар, жартылай өткізгіштер, батареялар және сирек металлдар сынды нешетүрлі дүние шығарылады, – дейді сенатор.