Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда қанша қала мен ауыл бар екені белгілі болды

Ұлттық статистика бюросының 2026 жылғы 1 қаңтардағы есебіне сәйкес, еліміздің әкімшілік картасы толық айқындалды. Елді мекендердің де жаңа құрылымы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстанда қала мәртебесіне ие 90 елді мекен бар. Олардың ішінде:

  • 3 мегаполис: Астана, Алматы және Шымкент

  • 39 қала — облыстық маңызы бар.

  • 48 қала — аудандық деңгейдегі орталықтар.

Өңірлер бөлінісінде қалалардың ең көп саны Ақмола облысында — 11 бірлік.

Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында — әрқайсысында 8 қаладан бар.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында 195 аудан, 29 кент, 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл тіркелген. Республика бойынша аудандардың ең көп саны Ақмола облысында — 17 бірлік, кенттердің ең көбі Қарағанды облысында — 8 бірлік. Ауылдардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген — 794 бірлік, — деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан халқының саны қаншаға жеткені хабарланған.

Сәйкес жаңалықтар

Мақтааралда конституция күні аталып өтті

admin

Түркістан облысындағы тағы бір ауыл газға қосылды

admin

Шымкентте 4 жасар баланың қолы ет тартқышта қалып қойды

admin