Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда декреттік төлемдерге шектеу енгізілді

 8 сәуірден бастап Қазақстанда декреттік төлемдерді есептеу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін декреттік төлемдердің нақты шектік мөлшері болмаған еді. Бұл жағдай ел ішінде түрлі алаяқтық схемалардың көбеюіне себеп болған. Мысалы, 2024 жылы 113 қазақстандық әйел декреттік төлемдермен байланысты алаяқтық істер бойынша тергеуге алынған.

Жаңа ережеге сәйкес, декреттік төлем есептеу кезінде жалақы мөлшері 7 ең төменгі жалақыдан аспауы тиіс. 2024 жылы ЕТЖ 85 000 теңге болғандықтан, есептеуге ең көп дегенде 595 000 теңге (85 000 × 7) айлық негіз болады. Осыған сәйкес, әйелдерге бір реттік төлем ретінде ең жоғары мөлшер – 2 249 000 теңге тағайындалады.

Бұрын бірнеше жерде жұмыс істеп, жоғары жалақы алған әйелдер декрет кезінде 5 миллион теңгеге дейін төлем ала алатын, ал енді бұл сома шектеліп отыр.

Сондай-ақ, енді декретке шыққан күннен кейінгі әлеуметтік аударымдар есепке алынбайды. Бұрын әйелдер декреттік демалысқа шыққан соң да аударым жасай отырып, бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыра алатын. Бұл мүмкіндік те енді жойылды.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістер мемлекет тарапынан төлем жүйесін әділетті етуге және алаяқтық әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуені жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

admin

ЕХӘҚМ Әлеуметтік Кодекс жобасын түсіндіру үшін өңірлерге мобильді топтар жібереді

admin

Тоқаев пен Головкин Қазақстан құрамасының матчына келді

admin