Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды

 2025-2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық барысында елімізде 28,9 млн тонна мал азығы жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше:

  • 23 млн тонна шөп (жоспардың 93,6%),
  • 1,8 млн тонна сүрлемшөп (105,5%),
  • 1,4 млн тонна құрамажем (24,5%),
  • 1 млн тонна сүрлем (50,8%),
  • 1,8 млн тоннадан астам сабан (39,2%) дайындалған.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (116,2%) байқалады. Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында жоспар толық орындалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, дайындалған мал азығы жоспарланған өнім өндіруді, төл алуды және мал басын сақтауды қамтамасыз етуге жеткілікті.

Жалпы алғанда, республикада мал азығымен қамту жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте қымбат медициналық қызметтер мен оталар қолжетімді

admin

«Жасыл белбеу» аймағында көшеттердің өнімділігі артып келеді

admin

Ордабасы: құрылыс саласында ауқымды жобалар қолға алынуда

admin