Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабы (Еурохаттама бойынша) семинар сабақ өткізілді

Арыс аудандық сотының төрағасы С.Умаровпен «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 бабы (Еурохаттама) бойынша түсіндіру» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинарға жергілікті заң кеңсесінің адвокаттары, көлік прокуратура мен полиция бөлімінің өкілдері қатысты.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу, яғни Еурохаттама рәсімі енгізілген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша соттардың жұмысын оңтайландыру мақсатында бүгінгі күні халықты ақпараттандыру мен Еурохаттаманы кеңінен қолдануға бағытталған бірқатар іс шаралар жүргізілуде.

Көлік жүргізушілердің айтуларынша, елімізде жол-көлік оқиғасын рәсімдеу өте ұзаққа созылады.

Алдымен оқиға орнына патрульдік полиция келіп, хаттама толтырса, сосын апатты жағдайға тап болған жүргізушілер медициналық мекемеге барып, кім кінәлі екенін анықтау үшін соттың көмегіне жүгінеді.

Олар осыдан соң бір-бір жарымайдан кейін ғана сақтандыру төлемдеріне  қол жеткізеді.

Енді бұл процесс айтарлықтай жеңілдеп отыр.

Енді көлік жүргізушілер кішігірім жол көлік оқиғаларына тап болса, сақтандыруды полицияның қатысуынсыз рәсімдей алады.

Алдымен жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін әрбір жүргізуші ұялы телефонына «Еурохаттама» қосымшасын қосып алу керек. Бұл жүргізушілерге оқиға материалдарының фотосы мен бейнежазбасын тіркеп алуы үшін қажет.

– Біріншіден, азаматтар жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін енді полицияны күтпейді.

– Екіншіден, оқиға кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершіліккее тартылмайды.

– Үшіншіден, сақтандыру төлемдерінің мерзімі қысқарады. Бұрын мұндай жағдайда сақтандыру төлемін алу 30 күннен 90 күнге дейін уақыт алса, енді бұған бар болғаны 5 күн уақыт кетеді.

https://t.me/trk_sud

 

ПІКІР ЖАЗУ