Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстан пойыздарында тегін Starlink интернеті пайда болды

Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті тестілеу басталды. Пилоттық жоба Астана – Семей бағыты бойынша іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наурыз мерекесі күндері аталған бағыттағы пойызда «Цифрлық вагон» пилоттық жобасы іске қосылды.

Жобаның алғашқы кезеңінде қызмет екі вагонға енгізілді. Енді жолаушылар сапар барысында интернетке қосылып, фильмдер мен сериалдар көре алады, кітап оқып, ойын ойнап, түрлі ақпаратқа қол жеткізе алады.

Айта кетейік, барлық цифрлық сервистер қосымша ақысыз ұсынылады.

Бұл жоба жолаушылардың жайлылығын арттыруға және теміржол тасымалындағы цифрлық қызметтерді дамытуға бағытталған.

Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша сервисті кеңейтіп, ауқымды түрде енгізу жоспарланып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухани мұралары насихатталды

admin

Арыс: қала әкімінің тұрғындармен кезекті есептік кездесуі өтті

admin

Мемлекет басшысы «Digital Bridge» форумында елдегі интернет пен байланыс саласын сынға алды

admin