Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Қазақстан мен Сауд Арабиясы архив саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді

 Бүгін ҚР Ұлттық архивінде Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али Сауд Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Файсал Ханеф Әл-Кахтани және Король Әбделазиз қорының директоры Турки Мохаммед Аль-Шувайермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, құжаттық мұраларды сақтау, цифрландыру және ғылыми зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми-зерттеу және архив қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, — деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Іс-шара аясында делегация мүшелері ҚР Ұлттық архивінің қор сақтау, қолжазбаларды реставрациялау, цифрландыру сынды қызметтерімен танысты.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Әлеуметтік көмек «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыс беріледі

admin

Түркістан: биылдан бастап зейнетақы 9 пайызға, жәрдемақы 7 пайызға өсті

admin

Тоқаев Алматыда LRT жүйесін енгізу бойынша бірқатар тапсырма берді

admin