Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазақстан мен Катар қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуда: Үкіметаралық келісімге қол қойылды

Министр Ержан Саденов бастаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы Доха қаласына (Катар) іссапармен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар аясында Катардың Ішкі істер министрі шейх Халиф бен Хамад Әл Танимен кездесу өтті. Кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

“MILIPOL QATAR-2024” 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында өткен Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою сапардың басты нәтижесі болды. Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.

Сәйкес жаңалықтар

Өзбекстан Қазақстанға үлкен жеңілдік жасады

admin

ШЫМКЕНТ: Ұзындығы 600 м жол асты өткелі бөлігі салынады

admin

ШЫМКЕНТ: Көшелерді түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету 43,4 пайызды құрады

admin