Қазақстан халқы 20,4 млн-ға жетті: Қай өңірлер көш бастап тұр?

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20,4 миллион адамға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Finprom деректеріне сілтеме жасап.
Халық саны 228 мыңнан астам адамға өсті. Сонымен бірге урбанизация үрдісі айқын байқалады: Қала тұрғындарының үлесі рекордтық 63,3%-ға жетті. Халық саны бойынша көшбасшылар Алматы (2,3 млн адам, өсім +2,7%) мен Түркістан облысы (2,2 млн адам) болып қалуда. Дегенмен, Түркістан облысындағы көрсеткіш аздап төмендеген.
Ең көп халық азайған өңірлер – Солтүстік Қазақстан, Абай және Жетісу облыстары. Мұнда тұрғындар саны 1%-дан астамға кеміген. Қалалық халықтың өсімі барлық дерлік өңірде тіркелген. Тек Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында ғана бұл көрсеткіш төмендеген.
Ал ауыл халқы 15 өңірде азайған. Әсіресе Абай мен Қарағанды облыстарында халықтың кемуі айқын сезіледі.
Ішкі көші-қон да ел демографиясындағы маңызды көрсеткіш болып отыр. Жылдың алғашқы алты айында шамамен 383 мың адам Қазақстан ішінде қоныс аударған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрттен бір бөлікке көп. Қоныс аударушылардың негізгі бағыттары – Астана мен Алматы. Әсіресе алматылықтар Алматы қаласы мен Астанаға көптеп көшуде.