Қазақстан Газаға не үшін әскер жібереді? – СІМ түсіндірді

Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуы аясында әскери контингент жіберу мәселесіне қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның халықаралық тұрақтандыру күштерін қолдауға дайын екенін мәлімдеген.
Атап айтқанда, далалық госпиталі бар медициналық бөлімшелерді, сондай-ақ азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, – деді ол.
СІМ өкілі бұл жерде әңгіме тек операцияның гуманитарлық құрамдас бөлігі туралы болып отырғанын ерекше атап өтті.
Бұдан бөлек, Қазақстан гуманитарлық азық-түлік көмегін көрсетуге және палестиналық студенттерге еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуы үшін бес жылдық 500 грант бөлуге дайын.




