Қазақстан банктері қай бағытта дамып келеді? Қаржы саласындағы негізгі трендтер

Bereke Bank жыл сайын өтетін ірі бизнес-шаралардың бірі — New Vision Forum-ның бас демеушісі атанып, экономиканың және технологиялардың болашағын айқындайтын идеялар мен шешімдерді бөлісудің маңызды алаңына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Банк инновациялық бастамаларды қолдап, «болашақ банкі» экожүйесін құруға белсенді үлес қосуда. Осы форумда Bereke Bank өкілдері қаржы саласындағы негізгі трендтер мен стратегиялық басымдықтар жөніндегі өз көзқарастарын ортаға салып, бүгінгі таңда клиенттердің алда жүруіне мүмкіндік беретін бағыттарды таныстырды.
Өнімнен — адамға қарай
Қаржы саласы ауқымды трансформациядан өтуде. Классикалық «өнімге» негізделген модельдің орнын клиенттің өмір салты, мақсаттары мен қажеттіктеріне басымдық беретін адамға бағытталған тәсіл алмастырды.
Bereke Bank осы өзгерісті нақты іске асырып, стандартты шешімдерден гөрі, бизнес пен жеке тұлғаларға бейімделген жеке және икемді қызметтер ұсынады.
Кәсіпкерлерге арналған Bereke Business платформасы іске қосылды. Бұл платформа жеткізушілерді таңдау, валюталық келісімшарттарды жүргізу, заңдық кеңес беру және кедендік қолдау сияқты кең ауқымды қызметтерді біріктіреді. Мұндай формат компанияларға операциялық мәселелерге емес, даму мен өсуге зейін қоюға мүмкіндік береді.
Гипердербестендіру — жаңа стандарт
Форумда айтылған негізгі трендтердің бірі — банктік шешімдерді гипердербестендіру. Bereke Bank клиенттің нақты өмірлік жағдайын — отбасылық өмірін, саяхатын немесе кәсіпкерлік қызметін ескере отырып, арнайы өнімдер жасайды.
Әрбір жағдайға лайықталған жеке ұсыныстар әзірленеді. Барлық өнімдер абстрактілі өнім желілерінен гөрі, нақты қажеттіктерге негізделеді.
Технологиялар — өзгерістердің қозғаушы күші
Bereke Bank технологиялар мен жасанды интеллектіні банк процестеріне енгізуге ерекше көңіл бөледі.
AI-копилоттар мен агенттік жүйелер негізіндегі шешімдер:
- клиенттердің өтініштерін талдауға,
- жеке ұсыныстар жасауға,
- менеджерлердің жұмысын жеделдетуге көмектеседі.
Бұл қызмет көрсету жылдамдығын арттырып, шешім сапасын жақсартады, сонымен қатар клиенттермен өзара әрекеттесудің цифрлық автономды форматтарына өтуге негіз қалайды.
Кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер
Теңгенің құбылмалылығы мен жаһандық экономикалық өзгерістер жағдайында Bereke Bank компанияларға масштабталуға және айналым капиталын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін құралдарға басымдық береді. Олардың ішінде:
- факторинг,
- ақшаны басқару (cash-management),
- валютадағы жылдам аударымдар,
- сыртқы экономикалық операциялар үшін тиімді айырбастау бағамдары бар.
Болашаққа көзқарас
Адамның дамуы — банктік сектордың болашағының кілті деп сенеміз. Осындай форумдар сала дамуының бағытын айқындайтын жаңа тәсілдер мен идеялардың туындайтын алаңына айналады. Bereke Bank трендтерді ұстанады және оларды қалыптастырушылардың қатарында болуға ұмтылады, — деді «Bereke Bank» АҚ (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) транзакциялық бөлшек бөлімшесінің басқарушы директоры Василий Непша.