Қазақстан – әкімшілік әділетті жүзеге асыру сапасы бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы

Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев “Atameken Business” телеарнасына «Бизнестің соттағы жеңістері: заң қашан одақтас болады?» атты тақырыпта сұхбат берді.

А.Түкиевтің айтуынша, Қазақстан – әкімшілік әділетті жүзеге асыру сапасы бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы.

Мемлекеттік органдарға қойылатын талап қоюларды қанағаттандыру деңгейі – 60%. Бизнес мемлекетке қатысты 10 даудың 6-да ұтады.

Көп жағдайда талап қоюлар Қаржы министрлігінің мемлекеттік органдарына (салық, кеден, мемлекеттік сатып алуға байланысты даулар) және әкімдіктерге (жер учаскелері) қатысты жолданады.

ЖС алқасы төрағасының айтуынша, бірінші сатыдағы соттардың шешімдерінің көпшілігі өзгеріссіз қалады, істердің 12%-ы медиация тәртібімен аяқталады, 22%-ы – талап қоюлар кері қайтарылады, бұл да іс жүзінде татуласу болып табылады.

Барлық істердің үштен бірін бизнес пен инвесторлар арасындағы мемлекетке қатысты даулар құрайды (А.Түкиевтің айтуынша, мұндай талап қоюларды қанағаттандырудың 50 пайызы жоғары).

ӘРПК сот актісін орындағысы келмейтін немқұрайлы лауазымды тұлғаларды процестік жауапкершілікке (ақшалай айыппұлдар) тартуға мүмкіндік берді.

ПІКІР ЖАЗУ