Қазақ тілін латын графикасына көшіру
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының соңғы 3 айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, отандық ғылымды дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар академик қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ой-пікірін білдірді.
Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және Үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты.
Президенттің пікірінше, ғылыми-академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, инженерлік-технологиялық бағыттағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ғылымға негізделген ұсынымдар беруге ұйытқы болуға тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы абырой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты жұмысына табыс тіледі.