Қауіпсіздікті сақтау мақсатында 1500 бейнебақылау камерасы орнатылады
«Қауіпсіз қала» жобасын жүзеге асыру мақсатында биыл Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен көпқабатты үйлердің аулаларына 1500 бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Бұл – тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыс пен бұзақылықтың алдын алу үшін қолға алынған шара.
Қалада қазір таңда 1036 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде жылдамдықты өлшейтін «Сергек» камерасы – 40. Қосымша 26 көше қиылыстарына «Сергек» камералары орнатылуда. Кешенді іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс былтыр 5 пайызға төмендеген.
Қала қауіпсіздігінде түнгі жарықтандыру да маңызды. 2021-2022 жылдар аралығында қаламызда 267 шақырымды құрайтын 201 көшені жарықтандыру жоспарланып, қазіргі таңда 147,8 шақырымды құрайтын 155 көшесіне жарықтандыру жүйесі жүргізілді. Қалған 46 көшенің жарық жүйесі биыл тартылып, тұрғындарды қуанышқа бөлемек.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі