Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Еске салайық, Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталған соң Президент Тоқаев қытай астанасына баратыны айтылған.

Мемлекет басшысының сапары Бейжіңде жалғасын табады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.