Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кәсіподақ мүшелерімен кезекті кездесу

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов кезекті кездесуін «Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында өткізді.

Кездесу барысында Бастарбек Пірімбетов салалық кәсіподақтың қызметі және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстары, еңбек ұжымдық шартының жобасы аясында сөз өрбітіп, кітапхана ұжымы қызметкерлерінің еңбек құқықтарының қорғалуы бойынша қойылған сауалдарына жауап берді.

Жиын соңында кәсіподақ ұйымы Түркістан облыстық филиалы басшылығы атынан бірқатар кітапхана қызметкерлерін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Сонымен қатар салалық кәсіподақ төрағасы Бастарбек Пірімбетов кітапхана қорына «Алыс та жақын жылдарым» атты авторлық кітабын сыйға тарту етті.

Сәйкес жаңалықтар

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің орындалу барысы туралы

admin

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

admin

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өлім жазасынан бас тарту Конституцияда қайтымсыз қағида ретінде бекітілуге тиіс

admin