Қаржыгерлер марапатталды

Бүгін, Төлеби ауданы әкімдігінің конференц залында 15 қараша Ұлттық валюта күніне орай, салтанатты жиын өтті. Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев қаржы саласының мамандарын «Қаржыгерлер күні» мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

– Ұлттық валюта тәуелсіз еліміздің белгісіне айналып, егемендігімізді тұғырлы етті. Төл теңгеміз енгізіліп қана қоймай, еліміздің барлық қаржылық жүйесін бекітуге күш салынды. Мұның бәрі тәуелсіздігімізді одан әрі бекемдеді. Бұл шаруаларды тыңғылықты етуде қаржы органдары қызметкерлерінің үлесі зор. Айналымдағы теңгенің халыққа қызмет етуіне қажетті қамқорлық жасауда қаржы секторы қызметкерлерінің еңбектері елеулі, – деді құттықтау сөзінде Бақберген Тәңірбергенұлы.

Жиын барысында қаржы саласында үздік еңбегімен дараланған бірқатар азаматтар Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгімен марапатталды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ