Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қарулы күштерде сержанттарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Сержант күні салтанатты түрде атап өтілді.  Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері және әскери колледж кадеттері қатысты. 

Қорғаныс министрлігі басшылығының атынан оларды Қарулы күштер Бас штабы Жауынгерлік дайындық департаментінің бастығы генерал-майор Анатолий Довганюк кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол сержанттардың сарбаздарды оқыту мен тәрбиелеудегі рөлін және ардагерлердің сержанттар корпусының жаңа моделін дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

– Сержант күндіз-түні сарбаздың қасында болып, әр бағыныстының жеке ерекшеліктерін зерделейді. Олардың қызметтік және әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін зерттейді. Әскери қызметшілердің жауынгерлік білімі оның беделіне, талапшылдығына, кәсіби шеберлігі мен дағдыларына байланысты, – деп атап өтті департамент бастығы.

Кәсіби мерекеге орай бірқатар әскери қызметшілер «Ел қорғаны» медалімен және грамоталармен, ал ардагерлер алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Мерекеге орай әскери бөлімдерде Ашық есік күндері өтті. Үздік ән мен поэтикалық шығармаларға конкурстар, жаппай жарыстар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Ішкі істер министрінің орынбасары Абай облысына жұмыс сапарымен барды

admin

Үлкен теннистен алғашқы ашық біріншілік өтті

admin

Түлкібас: алдағы жылы Кемербастау ауылының тозығы жеткен көшелерін жөндеу жұмыстары жоспарлануда

admin