Қараусыз жайылып жүрген мал иесі жауапқа тартылды

Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген мал иесі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданының полициясы күнделікті негізде мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту және малдың қатысуымен жол-көлік оқиғасының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Күн сайын полиция қызметкерлері жол бойында және тас жолда малдың болуына жол бермеу бойынша рейдтер жүргізеді.

Мысалы, Кеңес ауылының маңындағы Атамекен – Ертіс кенті – Русская поляна республикалық маңызы бар трассада иесінің қарауынсыз 20 бас ірі қара мал жүрді. Полицейлер мал иесін анықтап, Ертіс ауданы Кеңес ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді.

 – Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мал иелерінің тиісті бақылауы жоқ. Бұл құқық бұзушылық автожолдардағы жол-көлік оқиғаларына және мал ұрлығына әкеп соғады. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлаудың себебі көбінесе жайылымда жайылып жүрген малдың қараусыз қалуы, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/pavlodar-oblysynda-qarausyz-zhajylyp-zhurgen-mal-iesi-zhauapqa-tartyldy/

ПІКІР ЖАЗУ