Қараша айындағы инфляция деңгейі 0,8% болды

Азық-түлік тауарларының ішінде қырыққабат 2,5%, сәбіз – 2%, қызылша – 1,4%, қант – 1,3%, апельсин – 1%, күріш – 0,5% арзандады. Бағаның өсуі келесі тауарларда байқалды: тәтті бұрыш – 5,2%, түсті қырыққабат – 5,1%, лимон, шоколад – әрқайсысы 1,9%-дан, рожки – 0,4%, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында биылғы қараша айында қуат үнемдейтін шамның бағасы 1,7%, елімізде құрастырылған жаңа автокөліктер – 1,2%, қазан – 0,8% төмендеді. Смартфондар 5,4%, кір жуғыш машиналар – 2,5%, төсек орын жинақтары – 0,5% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифі 7,1%, су бұру – 6,2%, орталықтан жылыту – 4,9%, электр энергиясы – 2,7% төмендеді. Шет тілдерін оқыту курстары 2,6%, асханадағы түскі ас – 1,6%, дәрігерге алғашқы қаралу – 0,7% қымбаттаған.
Жылдық мәнде инфляция 2025 жылғы қарашада 12,4% құрады.
Азық-түлік тауарлары бойынша қызанақ жылдық мәнде 8,1%, күріш – 6,9%, тәтті бұрыш – 1,2% арзандаған. Керісінше жұмыртқа 3,9%, сарымсақ – 3% қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде кір кептіргіш 27,6%, мұздатқыш 14,6%, үтіктеу тақтасы 12% арзандады. Ыдыс жууға арналған құралдар бағасының деңгейі 7,7%, қабырға кафелі 6,2%, электросамокат 3,6% өскен.
2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда қоқыс шығару қызметтерінің бағасы 8,5%, фотосуреттерді басып шығару қызметінің бағасы 7,5%, туристтерді медициналық сақтандыру 4,4% өскен.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі.
Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.




