Қарағандыда әскерилер арасында жекпе-жектен чемпионат өтті

Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінде спорттың жекпе-жек түрінен чемпионат өткізілді. Жарысқа өңірдің төрт әскери бөлімнің әскерилері жиналып, жалпы 35 адам өзара бақ сынасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорттық доданың ашылу салтанатында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Сакентай Шекарбеков сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Бүгінгі күні баршаңыз өңірлік қолбасшылықтың боз кілемінде өз әскери бөлімдеріңіздің намысын қорғағалы келіп тұрсыздар. Жекпе-жек сайысы әскер саласында бұрыннан келе жатқан спорттардың бірі. ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың бастамасымен өтіп жатқан бұл жарысқа өжеттілік пен жақсы бап қажет. Жеңіске жеткендер алдағы уақытта біздің өңірлік қолбасшылық намасын барша Ұлттық ұлан алдында қорғайтын болады. Ең мықтысы женсін!,- деді генерал-майор Сакентай Амантайұлы.

Чемпионат шарты бойынша қатысушылар 53 келіден 85 келі және одан жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Әр қатысушы жеңіс тұғырынан көрінуді мақсат тұтады. Солардың бірі – Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімінен келген капитан Дамир Дүйсенбин.

Жекпе-жек оңай өтіп жатыр деп айту қиын. Барлығы да жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр. Біз бұл жарысқа екі ай көлемінде дайындалдық. Бапкерімізді жерге қаратпай, намысқа тырысамыз, – деді жарыс қатысушысы.

Жалпы чемпионатта 19 әскери қызметші спорттық разрядтардың нормативтерін орындады. Жарыс қорытындысы бойынша әскерилер төмендегідей нәтиже көрсетті:

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша:

1-орын: қатардағы сарбаз Шәймерден Жақсылық. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: аға лейтенант Темірлан Саткенов. Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

3-орын: ефрейтор Жастілек Рысбекұлы, Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімі.

62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: аға лейтенант Әбікеев Ержан, Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімі;

2-орын: капитан Дамир Дүйсембин Дамир, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

3-орын: ефрейтор Серғазы Өмірәлі, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: кіші сержант Әділбеков Әділет, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: аға лейтенант Артем Вайль, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

3-орын: капитан Мұханбетов Ерлан. Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: қатардағы сараз Шыңғысхан Батырхан, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: лейтенант Орман Тохтар, Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі;

3-орын: аға лейтенант Арман Жетпісбаев, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: лейтенант Ерболат Қартабаев. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: лейтенант Темірлан Мықтыбаев. Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

3-орын: кіші сержант Аманкелдінов Ерден, Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: лейтенант Жанай Садықов. Дюсенгалиевич, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: лейтенант Алмат Қонақбаев, Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі;

3-орын: капитан Нұржан Бірімжанов. Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:

1-орын: лейтенант Дархан Көрпебаев. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

2-орын: аға лейтенант Бекзат Құлғаров, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі.

97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:

1-орын: сержант Рүстем Әмренов, Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі;

2-орын: сержант Ерасыл Әлібеков, Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімі;

3-орын: лейтенант Сергей Чензе, Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі.

Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұдан өзге чемпионатта өзінің ерекше айла-тәсілімен көзге түскен қатысушылар түрлі номинацияларға лайық деп танылды. Атап айтқанда:

«Үздік техникасы үшін» номинациясы: қатардағы Жақсылық Шәймердан. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

«Ең жылдам жеңіс үшін» номинациясы: лейтенант Ерболат Қартабаев. Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімі;

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы: майор Рүстем Бекенов. Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімі.

Жеңімпаздар «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы атынан грамота, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ПІКІР ЖАЗУ