Қарағандыда әйелдерге жұмыспен қамту, денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңес беріледі

8 наурыз қарсаңында Қарағанды қаласының нәзік жандылары үшін “Мүмкіндіктер жәрмеңкесі” ұйымдастырылады. Іс-шара әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның қолдауымен өтеді.

Бұл күні келесі бағыттар бойынша кеңес алуға болады: денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналасу, шоттарды бұғаттау, алимент төлеу, қамқоршылық. Сондай-ақ, өз ісін дамыту мүмкіндіктері туралы айтылады.

Жәрмеңкенің басталуы сағат 15.00-де.

Өтетін орны: “Таир” СОО, Космонавтов көшесі, 1в.

ПІКІР ЖАЗУ