Қарағанды облысында биыл 53 мың көшет отырғызылмақ

Қарағанды облысында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғаудың жаңа қағидаларының жобасы әзірленді. Қалалар мен аудандарды абаттандыру ережелері де жаңартылады. Құжаттар өңірлік кәсіпкерлер палатасының келісімінен өтеді. Бұдан әрі ережені облыстық мәслихат депутаттары бекітетін болады.

Бұл туралы аппараттық кеңесте энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылы облыс бойынша 33 мың жасыл желек отырғызылған. Биыл 53 мың ағаш отырғызу жоспарлануда.

Тілектес Досаев абаттандыру жоспарлары туралы да айтты. Туризмді дамыту үшін Балқашта қалалық жағажай жағалауын қайта жаңарту жалғасады. Жоба биыл аяқталуы тиіс.

Қарағандыда 31 ауланы абаттандыру жоспарланған. Сондай-ақ, қоқыс жинауға арналған мыңдаған жаңа контейнерлер орнату көзделіп отыр.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындар тарапынан қалалар мен кенттерді көгалдандыру мен абаттандыруға қатысты көптеген шағымдар келіп түсетінін атап өтті. Бұл мәселелерді үнемі бақылауда ұстау, жұмыстың сапасын бақылау қажет, деп атап өтті ол.

ПІКІР ЖАЗУ