Қарағанды мен Ақмола облысына гуманитарлық көмек жіберілді

 Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны болған екі өңірге гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Достық Үйінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтарының бірлескен онлайн отырысы болып өтті. Отырысқа Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, “Ассамблея жастары” ұйымының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында сөз алған ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов шараның мақсаты туралы айтып, арнайы “Жүректен жүрекке” жобасының іске қосылғанын айтты. Жоба аясында еріктілер зардап шеккен азаматтаоға көмек көрсететін болады.

Шара барысында Ассамблея мүшелері Ақмола мен Қарағанды қаласына екі жүк көлігі жолға шықты.

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясынан табиғи су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында этно-мәдени орталықтар атынан Қарағанды, Ақмола облыстары сияқты өңірлерге 10 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек түрінде көмек көрсетудеміз. 6 күн ішінде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін біз гуманитарлық көмек жинадық,- деді Ассамблея мүшесі Хасан Шарипов.

Айта кету керек Қазақстанның барлық өңіріндегі Достық үйлерінде су тасқыны болған аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында штабтар жұмыс істеп, көмекке мұқтаж жандарға осылай гуманитарлық көмек көліктерін жібермек.

ПІКІР ЖАЗУ