Қарағанды: қала күні қалай атап өтіледі
10 ақпанда Қарағанды өңірінің облыс орталығына 90 жыл толады. Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бұл күні мерекелік іс-шаралар дайындалды.
Кеншілер мәдениеті сарайы, 17:00
“Қазыналы өлке – Қарағандым” Гала-концерті. Кіру тегін. Соңында КМС алдындағы алаңда лазерлік шоу өтеді.
“Шалқыма” концерт залы, 17:00
Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер және композитор Әли Алпысбаевтың “Қазақ елі” шығармашылық кеші.
Террикон алқабы IT-хабы, 16:00–23:00
Қалалық урбанистика орталығының мерекелік бағдарламасы.
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 09:00-18:00
“Арқа төріндегі кенді қала” көрмесі.
“Алтын ғасыр” галереясы, 16:00
“Қарағанды 90” көрмесі.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы, 10:00-17:00
Қарағандының құлағы нашар еститін суретшілерінің “Шабыт” көрмесі.