Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ӘлемЖаңалықтар

Үндістанда өлімге әкелетін Нипах вирусы таралып жатыр

Үндістанның Калькутта қаласына жақын маңда вакцинасы да, емі де жоқ, өлімге соқтыратын Нипах вирусы өршіді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Economic Times басылымына сілтеме.

Нипах вирусын жұқтырудың бес дерегі Батыс Бенгалия штатында анықталған, оның үшеуі осы аптада тіркеліпті. Атап айтқанда, вирус жұқтырғандардың қатарында дәрігер, медбике және медициналық мекеме қызметкері бар.

Сондай-ақ Калькутта маңындағы жеке ауруханада жұмыс істеген тағы екі медбике Жаңа жылдан кейін бірден жұқтырған. Екеуінің де қызуы қатты көтеріліп, тыныс алуында қиындық пайда болған. Вирус жұқтырғандардың бірі комаға түскен.

Алдын ала болжам бойынша, ол талдау алынып үлгермей көз жұмған науқасты емдеу кезінде осы вирусты жұқтырып алуы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: “White card” ерекше оқырман билеттерінің алғаш сатысы болып табылады

admin

Отбасы күніне орай бас имаммен кездесу өтті

admin

Түркістан қаласында заманауи техникамен жабдықталған «Fablab» шеберханасы ашылды

admin