Қант бағасы қанша теңгеге өсуі мүмкін – министрдің жауабы

  Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев үкімет кулуарында қант бағасының көтерілуіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр алдағы уақытта қант бағасы 60-70 теңгеге көтерілуі мүмкін екенін айтты

Қант бағасы алдағы уақытта ары кетсе 60-70 теңгеге өсуі мүмкін. Себебі айтып өткеніміздей, құрақ қант түрі шетелден тасымалданатын болғандықтан доллар бағасына сай өзгеріп отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

Ведомство басшысы қант қорының жеткілікті екенін айтып, халықты босқа дүрлікпеуге шақырды.

Ауыл шарушылығында өзіміздің азық-түлік келісімшарты бар корпарациямыз бар. Көтерме сұранысқа ермей, қажеті жоқ көп көлемде қантты сатып алмаңыздар. Себебі қазір азық-түлік келісімшарт корпорацияның қоры бойынша 2,5 мың тонна қантымыз бар. Оны 311 теңгеден өңірлерге жеткізу жұмыстарын жасап жатырмыз.

 

ПІКІР ЖАЗУ