Кәмелетке толмағандармен құқықтық кездесу өтті

Сайрам Ауданының Прокуратурасының ұйымдастыруымен, жергілікті атқарушы, уәкілетті және құқық қорғау органдарымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, суицид, ерте жүктіліктің алдын алу және оны болдырмау бағытында аудан жастарымен кездесу өткізілді.

Аталған кездесуде аудан прокуроры жастарға құқықбұзушылыққа бой алдырмай, болашаққа кері әсерін тигізетін жағдайлардан сақ болу қажеттілігі түсіндірілді.

Іс-шара барысында жастар тарапынан түрлі тақырыптардағы көкейде жүрген сұрақтар қойылып, нәтижесінде аудан прокуроры Даулет Тлемисовтың тарапынан алдағы уақытта да жастармен кездесу өткізіліп, осы мазмұндағы шаралардың өз жалғасын табатыны атап айтылды.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ